
Skype 2011 жылы 8,5 миллиард долларға сатып алынғаннан бері әлемде танымал видеоқоңырау құралы болған.
Microsoft корпорациясы 2025 жылдың 5 мамырынан бастап Skype мессенджерін жабу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Microsoft компаниясы барлық күш-жігерін Teams қызметін дамытуға бағыттауды жоспарлап отыр.
Компания пайдаланушыларға Microsoft Teams платформасына көшуді ұсынады. Аккаунттардағы хабарламалар тарихы, контактілер тізімі мен топтық чаттар толық сақталады. Басқа сервистерді таңдағандар дербес деректерін, хат-хабарлары мен медиафайлдарын экспорттай алады.
Microsoft Skype пен Teams арасында хабарламалар алмасуды уақытша қолдайды. Бірақ мамырдан кейін Skype толықтай жұмысын тоқтатады.