Содырлар қолынан 137 адам қаза тапты
Нигер елінің солтүстік-батысындағы елді мекенде содырлардың шабуылы салдарынан қаза болған адамдардың саны 137-ге жетті.
Дүйсенбіде Reuters агенттігі шабуыл салдарынан 60 адам құрбан болғаны жайында ақпарат берген еді.
Жексенбі күні қарулы содырлар Нигердің Малимен шекарасының маңындағы бірнеше кенттің адамдарына оқ жаудыра бастаған.
15 наурызда содырлар елдің батысында Тилабери ауданында 58 бейбіт тұрғынды өлтіріп кетті.
Нигердің Мали және Буркина-Фасоға жақын жатқан батыс облыстарында «Ислам мемлекетінің» құрылымы болып табылатын «Батыс Африкадағы Ислам мемлекеті» экстремистік лаңкестік тобының содырлары әрекет етуде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Түркістанда ұшатын театр ашылады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






