Солтүстік Қазақстанда су тасқынына қатысты іс-шаралар басталды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 27 сәуір, 2025
- 178

Солтүстік Қазақстанда су тасқынына қатысты іс-шаралар басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында Қорғаныс білігін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұл жұмысқа барлығы 1087 адам, 126 бірлік ТЖМ техникасы, ПД, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 4 000 дана, барлығы 110 980 дана қапшық дайындалып, төселді.
Сондай-ақ, Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 1500, барлығы 79 200 текше метр су сорылды.
Сонымен қатар, Қызылжар ауданы Вагулино және Соколовка ауылдарындағы су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізілуде .
Айта кетейік, эвакуациялық пункттер дайындалды. Жағдай бақылауда.