жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сот Бишімбаевқа әділетсіздік танытты - адвокат Ерлан Ғазымжанов

Сот Бишімбаевқа әділетсіздік танытты - адвокат Ерлан Ғазымжанов
Сурет: Жоғарғы сот
Адвокат сот Қуандық Бишімбаевқа әділ үкім шығармағанын алға тартты

Бұл туралы адвокат Астанада азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сатыдағы сот отырысында айтты,-деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 «Сот Бишімбаевтің бірде-бір пікірін аяғына дейін тыңдаған емес. Үнемі сөзін бөліп, ойын аяғына дейін тыңдаған жоқ. Айтар сөзі айтылған жоқ. Тіпті, біздің, қорғаушылардың көптегін айғақтарын жоққа шығарып, жұмысымызға кедергі келтірді. Біз соттан әділ шешім шығаруын сұраймыз»,-деді Ерлан Ғазымжанов.

Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев марқұм әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылса, оның інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар