«Сотталуы мүмкін». Петропавлда әскер қатарына алынып, қашып кеткен жігіттер іздестірілуде
- авторjambylinfo.kz
- 1 мамыр, 2024
- 2.2k
СҚО-да әскерге шақырылғандардың арасында екі жігіт бөлімге бара жатқан жолда пойыздан қашып кеткен. Оларға іздеу жарияланған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәліметінше, оқиға 27 сәуір күні кешкі уақытта болған. Жігіттер Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының 2024 жылғы 27 сәуірдегі бұйрығына сәйкес «жеке» шенімен міндетті әскери қызметке шақырылған.
- Қарағанды облысының 85510 әскери бөліміне қызмет өткеру үшін жаңадан шақырылған 2003 және 2004 жылы туған мерзімді әскери қызметшілер Петропавл қаласының станциясында «Самара-Қарағанды» пойызына отырып, сағат 19:39-да вагоннан рұқсатсыз, белгісіз уақытта шығып кетті, –делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 442-баптың 2-тармағы бойынша жігіттер дезертирлеу, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында бөлімді немесе қызмет орнын өз бетінше тастап кету, сол сияқты сол мақсатта қызметке келмеген жағдайда олар бес жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 2024 жылғы 29 сәуірде тіркелді. Қатардағы жауынгер Құсайынов пен Коваленкоға іздеу жарияланды, – деп мәлімдеді ведомство.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Өскеменде бес қабатты үйден өрт шығып, 5 адам құтқарылды
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024