сенбі, 5 қазан, 2024 5:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Стендапшы Нұрасхан Басқожаев 15 күнге қамауға алынды

Стендапшы Нұрасхан Басқожаев 15 күнге қамауға алынды
Сурет: Видеодан скриншот
Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлап отыр

Стендапшы, әзілкеш Нұрасхан Басқожаев сахнада тұрып көрермендердің алдында өзге блогерді қорлап, бейәдеп сөздер айтқан. Осы қылығы үшін оған ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz

 «Сот айыпталушыны ӘҚБТК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»-деп жазылған Жоғары соттың хабарламасында.

Ал, журналист Михаил Козачков өз телеграм арнасына жазғандай, стендапер Нұрасхан Басқожаев айыбын толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растаған.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар