жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Стресстен сақалым түсіп қалды": Тимур Балымбетов имиджін неге өзгертіп тастағанын айтты

"Стресстен сақалым түсіп қалды": Тимур Балымбетов имиджін неге өзгертіп тастағанын айтты
ашық дереккөзі
"Стресстен сақалым түсіп қалды": Тимур Балымбетов имиджін неге өзгертіп тастағанын айтты
Отандық танымал жүргізуші Тимур Балымбетов имиджінің өзгеруіне не әсер еткенін ашып айтты. Телепродюсердің сөзінше, сақалы өмірінде болып жатқан жағдайлардан кейін түсіп қалған, деп жазады Жамбылинфо  KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Тимур Балымбетов "Қызық Times" бағдарламасында қонақта болып, өмірінде орын алған өзгерістер жайлы айтып берді. Жүргізуші ел мақтанарлық отағасы болудың өз ақысы бар екенін алға тартты. Ол түн ұйықтамай әйеліне бала қарасып, кейіннен сақалынан айырылып қалғанын жеткізді. "Оның өз ақысы бар. Қазір бәрі имиджімнің өзгеріп кеткенін байқауда. Бірақ, сақалымның болмай тұрған себебі бар. Мен оны өзім алып тастаған жоқпын. Кейде түнімен ұйықтамайсың, әйеліңмен бірге оянып, бала қарайсың. Солайша, стресстен кейін сақалым түсіп қалды. Шынымен, солай болды. Сақалымды отбасым үшін құрбан еттім", - деді Тимур Балымбетов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар