Жаңалықтар
Студент ашуға ерік беріп сегіз адамды пышақтап өлтірді
- авторjambylinfo.kz
- 17 қараша, 2024
- 443
Оқиға Қытайдың шығысында Цзянсу провинциясында орын алған
Қытайда ашуға ерік берген студент сегіз адамды пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қытайдың шығысында Цзянсу провинциясында белгісіз біреу студенттерге пышақпен шабуыл жасап, 8 адамды өлтірді. Тағы 17 адам жарақат алған.
Оқыс оқиға Исин қаласындағы өнер және технология институтында орын алған. Күдікті ұсталды. Полицияның дерегінше қаскөй 21 жастағы соңғы курс студенті екен. Оның бұл әрекетке баруына сынақтан құлап, аттестат ала алмауы себеп болған. Айта кетейік, тағылымдамадан өту ақысына көңілі толмаған. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала