Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметі 102 328 адамды, оның ішінде 37 537 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналастыру пунктеріне 6 757 адам, оның ішінде 3 148 бала орналасқан. 10 128 адам үйлеріне оралды.
9 миллион текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1 миллион 700 мың қапшық және 1 миллион 200 тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 35 551 адам, 3 557 мың техника, оның ішінде 750 су сору құралы, 214 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.
Қазір Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 3 957 жеке тұрғын үй, 942 аула және 962 саяжай су астында қалды. 3 129 тұрғын үй мен 2 мың 33 ауладан су бұрылды.
Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 төтенше жағдай әрекет етеді.
ТЖМ азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз шықпауға шақырады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Су тасқыны: 82 жастағы Ілия Жақанов та қолына күрек алды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2024