дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 15:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Студент бір арба қидан, бір қалта ақша тауып жүр

Студент бір арба қидан, бір қалта ақша тауып жүр
Сурет ашық дерекөзден алынды
Жамбылдық жас кәсіпкер Жалғас Өмірзақов құрамында арам шөбі жоқ әмбебап тыңайтқыш өндіреді, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Жалғас Өмірзақов Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Еңбек ауылында туып өскен. Қазіргі таңда ол  Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Журналистика факультетінің 2 курс студенті. Бала кезінен кәсіп түбі нәсіп екенін түсініп, өзі де бір пайдалы іспен шұғылданып, кәсіп бастауды арман етеді. 

– «Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы Мұрат есімді тыңайтқыш өндіретін кәсіпкердің өнімдерін байқап, тыңайтқышты қалай іске асыруға болатыны жайлы ақпарат сұрастырдым. Тыңайтқышты  колифорниялық шылаушанның өзі реттейді. Оның басқа шылаушындардан артықшылығы қиды өз асқазанынан өткізу арқылы қиды өндіреді. Тыңайтқыш селитра секілді барлық химиялық қоспалардың орнын басатын табиғи өнім болғандықтан, еш қоспасыз өсіп жетілетін бақша өнімдерін ұсыну арқылы табысқа жетуге тырыстым. Сөйтіп, 1 квадрат метр шылаушынды 150 мыңға сатып алдым. Үйге барғанда: «Үйдегі малдың қиын құрта алмай жүргенде, сен неге үйге қи тасып жүрсің?» деп әкем кейіді. Анам болса арқамнан қағып, қолдау білдірді. Бірден іске кірісіп кеттім. Малдың қиын 10 квадратқа төсеп, үстінен 1 квадрат шылаушынды жайып жібердім. 3 ай бойы шылаушын жіберілген қиға су сеуіп, қадағалап жүрдім. Сол аралықта тыңайтқыш салатын пакетке тапсырыс беруді ойластырдым. Пакетті Алматы қаласынан алдырып, тауардың сыртын әрлеуге кірістім. Тауар қаптамасына туған жерім «Еңбек» ауылы болғандықтан өнімге «Еңбек тыңайтқышы» атауын бердім. Басында шылаушындар қаша бастады. Себебі қорек аз еді. Кейін көршілермен сөйлесіп, солардың қорадағы қиларын қоқысқа емес, біздің үйге әкеп беруін өтіндім. Жаңа қи келгенде шылаушындар өздері ақ шығып, орын алмастырады. Шылаушындардың тағы бір ерекшелігі тірі өсімдіктерге тимейді, тек қана қимен қоректенеді. Ең алдымен тыңайтқышқа асқабақ егіп, өзім эксперимент жасап көрдім. Сол асқабақтың ұзындығы 6 метр, ені 4 метр болып өсті. Асқабақтың өзі де көлемді жеміс берді. Қазір үйдегілер түрлі бақша өнімдерін тыңайтқыш қосу арқылы егіп отыр. Бір арба қидан, бір қалта ақша тауып отырмын –дейді 20 жасар кәсіпкер. Қазіргі таңда бір литр тыңайтқыш 70 теңге тұрады. Ал егіс алқабына тыңайтқыш алатындар бір қабын 6000 теңгеге алып кетеді екен.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар