жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 16:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Суицидке итермелейтін Telegram арна бұғатталды – Алматы прокуратурасы

Суицидке итермелейтін Telegram арна бұғатталды – Алматы прокуратурасы
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы Алматы прокуратурасы хабарлады

Алматы прокуратурасы оқырмандарына өз-өзіне қол салуға тапсырма берген Telegram арнаны бұғатталғаны туралы хабарлады, деп жазады деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

2024 жылы 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды. 

– Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокурорлары тыйым салынған контенті бар Telegram арнаны бұғаттау шараларын қабылдады. Тексеру барысында 67 оқырман әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды. Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет, - деп жазылған хабарламада

Айта кетейік, кеше еліміздің Бас прокуроры балаларды суицид жасауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталғанын айтқан мәлімдеген болатын.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар