Жаңалықтар
Құтқарушылар әлеуметтік жағынан аз қорғалған - министр
- авторjambylinfo.kz
- 23 қыркүйек, 2022
- 522
Құтқарушылар әлеуметтік жағынан аз қорғалған - министр
Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері әлеуметтік жағынан аз қорғалған. Бұл туралы Алматы халқымен кездесу барысында Юрий Ильин айтты.
«Әлеуметтік тұрғыдан алғанда біздің қызметкерлеріміз аз қорғалған. Айталық, тұрғын үй төлемдері, орын ауыстыру кезінде көтерме жәрдемақысының берілмеуі және қызметкерлердің қызмет бабында өсуі, үстемеақылар, тағы басқалары бар», - деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, алдағы уақытта бұл мәлеселер оң шешімін табады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту және министрлік бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жұмысты бастады», - деді Юрий Ильин.
Сондай-ақ, ол биыл Алматыға 6 техника сатып алынғанын атап өтті. Жыл соңына дейін 8 техника сатып алу жоспарда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2026






