сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 11:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Төлқұжат рәсімімен енді Сыртқы істер министрлігі айналысады

Төлқұжат рәсімімен енді Сыртқы істер министрлігі айналысады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бұл жөнінде Үкімет қаулысы жарияланды

Сыртқы істер министрлігінің құзырына жаңа қызмет берілді. Министрлік енді азаматтың төлқұжатын рәсімдейді, береді, ауыстырады, алып қояды және шетелдік мекемелерге жүгінген жағдайда жоя алады, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

Бұл жөнінде Үкіметтің 10 шілдедегі №542 қаулысында айтылған. 

Қаулы мәтініне қарағанда, министрлікке одан басқа, қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары аясында Қазақстанға өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарды, қандастардың жесірлерін және олардың ортақ балаларын Үкімет айқындаған өңірлерге кіру шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабардар ету міндеті жүктелген.

Айта кетейік, бұған дейін жеке куәлік пен төлқұжат беру қызметі Ішкі істер министрлігінің құзырында болып келді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар