Астанада журналистердің төл мерекесі күні ұлттық телевизиялық сыйлықтың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды jambylinfo. kz.
"Тұмар-2024" сыйлығының иегерлері:
Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж – "Алапат тасқын" – Qazaqstan телеарнасы.
Үздік журналистік зерттеу – "Экономика vs экология: су үнемдеудің жолдары қандай?/Арнайы репортаж" – Atameken Business телеарнасы.
Үздік aқпараттық бағдарлама – "Astana Times" жаңалықтар қызметі – Astana TV телеарнасы.
Үздік aналитикалық бағдарлама – "Жеті күн" – Хабар телеарнасы.
Үздік әлеуметтік жоба – "Құдайы қонақ" – Qyzylorda телеарнасы.
Үздік деректі фильм – "Шетелдегі қазақ балалары" – Jibek Joly TV телеарнасы.
Үздік телехикия – "Мошенники" – "НТК" телеарнасы.
Үздік өңірлік ток-шоу – "Ділмар" – Жетісу телеарнасы.
Үздік өңірлік телеарна – ТДК-42 телеарнасы.
Балаларға арналған үздік бағдарлама – "АуылDone" – Жетінші арна.
Үздік тележурналист – Григорий Беденко – Хабар телеарнасы.
Үздік тележүргізуші – Мадина Балғабаева – КТК телеарнасы.
Барлық жеңімпаздарға "Тұмар" мүсіншесі және 1 миллион теңге сыйақы табысталды.