«Тұмар» - 2025 Ұлттық сыйлығының шорт-листі жарияланды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 маусым, 2025
- 244

БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында "Тұмар - 2025" Ұлттық телевизиялық сыйлығының он бір номинациясы бойынша номинанттар анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биыл байқауға қатысу үшін 11 номинация бойынша жетекші республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түсті. Шорт-листке 44 жұмыс енді.
Жеңімпаздар есімі 27 маусымда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында анықталатын болады. Жеңімпаздарға отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы табысталады.
«Тұмар» - 2025 Ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары:
Ең үздік әлеуметтік тележоба:
• «Таза қала» - JIBEK JOLY телеарнасы;
• «Таза Қазақстан» - 24KZ телеарнасы;
• «Жақсылық жаса» - QAZAQSTAN TV телеарнасы;
• «Әке арманы» - АSTANA TV телеарнасы.
Жылдың ең үздік репортажы:
• «В гостях у кочевников» - МИР телеарнасы;
• «Алаяқтар балаларды қыруар қаржыға сан соқтырып жатыр» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы;
• «Театры выживают за счёт талантов» - Хабар телеарнасы;
• «Абадан» - ЖЕТІСУ телеарнасы.
Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама:
• «Жетінші студия» - 7 арна;
• «Basty taqyryp» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы;
• «Әлем және біз» - QAZAQSTAN TV телеарнасы;
• «President» - 24KZ телеарнасы.
Ең үздік журналистік зерттеу:
• «АЭС және энергетикалық қауіпсіздік» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы;
• «По следам спасительного эшелона: как доставляли продовольствие в блокадный Ленинград из Казахстана?» - МИР телеарнасы;
• «Мүгедектігі бар жандар жұмысты қайдан табады?» - QYZYLORDA TV телеарнасы;
• «Тылсым тарих: Аштық қасіреті, Құмаршық қасиеті» - ATYRAÝ TV телеарнасы.
Жылдың ең үздік телехикаясы:
• «Күзде келген көктем» - Хабар телеарнасы;
• «Құтқару қызметі» - 7 арна;
• «12:00» - 31 арна;
• «111. JUZ ON BIR» - JIBEK JOLY телеарнасы.
Ең үздік деректі фильм:
• «Человек с острова Кулалы» - JIBEK JOLY телеарнасы;
• «Вандализммен күрес» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы;
• «Закладчики. Расплата» - QYZYLJAR телеарнасы;
• «Олимпийские свершения: казахстанские герои Парижа» - Хабар телеарнасы.
Ең үздік балалар тележобасы:
• «Дара бала» - BALAPAN телеарнасы;
• «Давай меняться» - ERTIS TV телеарнасы;
• «Түркістан сақшылары» - TURKISTAN TV телеарнасы;
• «Дарын» - QOSTANAI TV телеарнасы.
Ең үздік өңірлік арна:
77TV телеарнасы – Жамбыл облысы;
Saryarqa телеарнасы –Қарағанды облысы;
Caspian News телеарнасы – Атырау облысы;
ULYTAU телеарнасы - Ұлытау облысы.
Ең үздік тележурналист:
• Ақерке Бектас – QAZAQSTAN TV телеарнасы;
• Айнұр Иманғали –JIBEK JOLY телеарнасы;
• Аслан Қаженов –24KZ телеарнасы;
• Әйгерім Пернебекова –ALMATY TV телеарнасы.
Ең үздік тележүргізуші:
• Оксана Петерс – 7 арна;
Үмбетәлі Меймеш –ALMATY TV телеарнасы;
• Мөлдір Доспаева –Хабар телеарнасы;
• Вероника Вишневская – Еуразия бірінші арнасы.
Ең үздік спорттық комментатор:
• Жандос Айтбай –Хабар телеарнасы;
• Ерік Ерсін –QAZSPORT телеарнасы;
• Азамат Ашимов – ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы;
• Азамат Нұғыманов - QAZAQSTAN TV телеарнасы.
Айта кетсек, «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – қазақстандық телевизияның сапасын арттыру және дамыту, телевизиялық контент өндіру саласындағы дарынды мамандарды қолдау және үздіктерін марапаттау.