Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру жұмыстары жалғасуда
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 15:01
- 52

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтың айтуынша, Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру мақсатында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты құрылған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған бағдарлама аясында жолбарыстың табиғи қорегін қалпына келтіру үшін резерват аумағына 205 бас тоғай бұғысы жеткізілді. Сонымен қатар, 100-ден астам құлан қоныс аударса, еліктер мен қабандардың да саны арта түскен.
Өткен жылдың күзінде Іле-Балқаш резерватына арнайы торлы қоршауда өсіру үшін Нидерландтан екі жолбарыс әкелінсе, алдағы уақытта Ресейден тағы 3-4 жолбарыс жеткізілуі жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, елімізде Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бұрын бұл сирек кездесетін жылқылар Қазақстанның 9 облысын мекендеген.
Халықаралық ұйымдармен бірлескен ынтымақтастықтың нәтижесінде Қостанай облысындағы «Алтын Дала» резерватына Прага хайуанаттар бағынан 7 Пржевальский жылқысы әкелінді. Жалпы, 2029 жылға дейін олардың санын 40 басқа дейін жеткізу жоспарланған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз