дүйсенбі, 30 маусым, 2025 10:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түрікменстан Қазақстан азаматтарын Ираннан эвакуациялауға көмектесті

Түрікменстан Қазақстан азаматтарын Ираннан эвакуациялауға көмектесті
TRT
Түрікменстан билігі өз аумағы арқылы Ираннан шыққан Қазақстан азаматтарына көмек көрсетті.

Шекара бақылау-өткізу бекеттері арқылы шамамен 120 адам Түрікменстанның мемлекеттік шекарасынан өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдердің азаматтары бар.

«Түрікменстан қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген шетелдік дипломаттар мен олардың отбасыларына, сондай-ақ өзге де азаматтарға елден шығуына мүмкіндік беру үшін өзінің аумағын пайдалануға жедел шаралар қабылдап жатыр», – деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі.

Ел аумағына келген адамдарға көлік, тамақ, қонақ үйден орын мен алғашқы қажетті заттары берілді.

Министрліктің мәліметінше, Түрікменстанның мемлекеттік органдары шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларымен және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар