бейсенбі, 5 наурыз, 2026 19:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістан облысында онлайн ойын арқылы ақша жымқырған күдікті ұсталды

Түркістан облысында онлайн ойын арқылы ақша жымқырған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысында полиция онлайн ойын арқылы жасалған алаяқтық дерегін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз түсіріп, банк есепшотынан белгісіз біреулердің заңсыз ақша шешіп алғанын мәлімдеген.

Анықталғандай, жәбірленушінің кәмелетке толмаған туысы телефон арқылы онлайн ойын ойнап отырған кезде оған бейтаныс адам хабарласқан. Ойын барысында күдікті түрлі «бонустар» мен «ұтыстар» ұсынатынын айтып, жасөспірімді алдап, банк картасының деректері мен телефонға келген SMS-кодты беруге көндірген. Соның салдарынан жәбірленушінің шотынан 380 мың теңге шешіп алынған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Күдіктіден алаяқтық әрекеттерде қолданылған бес ұялы телефон тәркіленген.

Киберпол қызметкерлерінің мәліметінше, күдікті онлайн ойын арқылы 60-тан астам жасөспіріммен байланысқа шығып, олардың 20-дан астамынан ақша алған.

 Сондай-ақ күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар