Жаңалықтар
Түркістан облысында жүргізуші 4 млн теңге айыппұлын төлемей жүре берген
- авторjambylinfo.kz
- 19 желтоқсан, 2023
- 299
Түркістан облысында жүргізуші 4 млн теңге айыппұлын төлемей жүре берген
Полицейлер Volkswagen Polo автокөлігін Темірлан кенті көшелерінің бірінен тоқтатқан
Патрульдік полицейлер Түркістан облысы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу барысында ірі көлемде төленбеген айыппұлы бар жеңіл көлікті анықтады
Нақты айтқанда, Ордабасы аудандық ПБ ЖПҚ патрульдік полициясының қызметкерлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы Темірлан кенті көшелерінің бірінен Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру кезінде жүргізушінің бұрын салынған, 4 миллион теңгеден асатын әкімшілік айыппұлы бар екені анықталды.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұраққа қойып, тиісті шаралар қабылдады. Сондай-ақ автокөлік иесіне айыппұлдарын уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді, - делінген хабарламада.Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол ережелерін сақтауды және жолда мұқият болуды ескертеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз