жұма, 21 наурыз, 2025 8:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістан облысында жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін фабрика салынады

Түркістан облысында жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін фабрика салынады
Ашық дереккөз
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Түркістан облысында «Қаркын Трейд» ЖШС жылына 48 000 тонна құс етін өндіретін бройлер құс фабрикасын салуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Вертикалды интеграцияланған бұл жоба Қазақстандағы және шетелдік нарықтардағы құс етіне деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта кәсіпорын жылына 12 000 тонна дайын өнім өндіретін ет өңдеу зауытын және 2000 басқа арналған бордақылау алаңын қамтиды. Алдағы 5 жылда өндіріс көлемі біртіндеп ұлғайтылады:

2026 жылы – 16 000 тонна,

2028 жылы – 32 000 тонна,

2030 жылы – 48 000 тоннаға дейін.
Жобаның жалпы құны 52,9 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорын инвесторлар мен қаржы институттарымен келіссөздер жүргізіп, қаржыландыру мәселелерін шешуде.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар