жексенбі, 6 қазан, 2024 17:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әкім шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға көлік сыйлады

Әкім шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға көлік сыйлады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы Түркістан облысының білім басқармасы хабарлады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды география пәнінің мұғалімі Арғын Бастамиге көлік сыйлады. Жергілікті ұстаздың шәкірті Ислам Әбдірахманов 42 елден шақырту алған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Ұстаздар мерекесіне орай Түркістанда “Ұстазыма мың алғыс!” атты салтанатты іс-шарасы өтті. 

Білім басқармасының мәліметше, Дархан Амангелдіұлы шәкірті 42 елден шақырту алған “Түркістан Білім-инновация” лицейінің география пәнінің мұғалімі Арғын Бастами облыс атын елімізден бөлек, әлемге танытқан ерен еңбегі үшін көлік кілтін табыстады.

Бұдан бөлек облыс әкімі оқушылары республикалық олимпиаданың жеңімпаздары, өзі іскер, белсенді,  облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері Төлеби ауданы, Қосан Мамытов атындағы мектебінің биология пәнінің мұғалімі,  6 баланың анасы Нұрилла Баймаханқызына ноутбук сыйлады.

Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы 85 112 педагог бар.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар