сенбі, 4 мамыр, 2024 23:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Түркияда бес жасар бала үйінді астынан 52 сағаттан кейін аман шықты

Түркияда бес жасар бала үйінді астынан 52 сағаттан кейін аман шықты
ашық дереккөзі
Түркияда бес жасар бала үйінді астынан 52 сағаттан кейін аман шықты
Сәрсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен 52 сағат өткен соң бес жасар бала үйінді астынан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sabah-қа сілтеме жасап. Бес жасар қызды құтқарушылар аман алып қалды. Ол қираған үйдің астында қалғанымен, ешқандай жарақат алмаған. Бала жақын жердегі ауруханаға жеткізді. Сонымен қатар Анадолы агенттігінің хабарлауынша, Хатай провинциясында жер сілкінісінен 49 сағаттан кейін тағы бір жасөспірім қыз үйінді арасынан құтқарылды. Айта кетсек, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды. Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Соңғы мәлімет бойынша Түркияда зілзала құрбандарының саны 6,2 мыңнан асты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар