сәрсенбі, 18 желтоқсан, 2024 14:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркиялық әуе компаниялары кешіккен рейс үшін жолаушыға 600 еуроға дейін өтемақы төлейді

Түркиялық әуе компаниялары кешіккен рейс үшін жолаушыға 600 еуроға дейін өтемақы төлейді
Фото - ашық дереккөз
Заң жобасы осы аптада күшіне енді.

Құжатқа сай, егер ұшақ техникалық ақауға байланысты үш сағатқа кешігетін болса, әуе компаниясы жолаушыларға өтемақы төлеуге міндеттеледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv сілтеме жасап.

Қаржы көлемі жолаушы баратын бағыттың қашықтығына байланысты болмақ. 

Мәселен, ұзақтығы 1,5 мың шақырымнан асатын рейстер кешіксе 250 еуро, 1,5 мыңнан 3000 шақырымға дейін 400 еуро, ал қашықтығы 3,5 мың шақырымнан асатын халықаралық бағыттағы әуе рейсі кешіксе, жолаушыға 600 еуро көлемінде өтемақы беріледі. 

Қаржы Түркия орталық банкі бекіткен курс бойынша түрік лирасымен төленуі тиіс. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар