....

....

сенбі, 2 наурыз, 2024 10:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Төрт ағайынды" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасар қайтыс болды

"Төрт ағайынды" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасар қайтыс болды
ашық дереккөзі
"Төрт ағайынды" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасар қайтыс болды
Елімізге белгілі меценат, спорт жанашыры Еркін Ізбасар бүгін таңда көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Ақтөбеге ғана емес, елімізге белгілі меценат Еркін Ізбасардың қазасы туралы ақпаратты замандастары растады. Ол бүгін таңда көз жұмған. – "Ол кісі көптеген ауыр операция жасатты. Ұзақ жылдар бойы ауырды. Еркін Ізбасар қазақ спортын дамытуда, оның ішінде жас балаларды спортқа баулуда, тәрбиелеуде көп үлес қосты. Әкесі Жұмаш ағай бапкер болды, өзі де палуан. Бірталай жігітке көмектесті. Ақтөбе облысында күрестің дамуына зор үлес қосқан адам десем болады. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаевты алып келіп, Ақтөбе облысына ғана емес, қазақ еліне үлкен жеңіс сыйлады.  Өзі мүгедек бола тұра қайырымдылық акциясына өте көп қатысты. Жоқ-жітікке көмектесті. Елдің азаматы, елдің батыры деп айтатындай азамат", – деді облыстық мәслихат депутаты Марат Қойлыбаев. Айта кетейік, Еркін Ізбасар Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының барлық іс-шарасына қатысып, демеушілік жасады. Ал 2018 жылы оған ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік еткені үшін айып тағылып, сотталды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар