Т. Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
- авторjambylinfo.kz
- 23 қазан, 2024
- 1.0k
Республика күніне орай Т. Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұл ауданда соңғы жылдары салынып, ел игілігіне берілген үшінші – медициналық пункт. Одан бөлек, қазіргі уақытта Қорағаты станциясы мен Ақбұлақ ауылдарында да дәл осындай нысандардың құрылысы жүргізілуде.

Ауданның даму жоспарына сәйкес 2027 жылға дейін тағы 5 медициналық пункт салу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылы облыста денсаулық сақтау ұйымдарының тозуын 40,3%-дан 39,0%-ға дейін төмендету үшін 26 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде - 20 нысан бой көтереді.

Бүгінде, 3 медициналық нысан халық игілігіне берілді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды
Ұқсас жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 14:18






