Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекболат Ескеев, департаменттің тәрбие бөлімінің бас маманы әділет майоры Айгүл Танашева және Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері мен ЖД-158/1 мекемесінің психолог мамандары кәмелет жасқа толмаған тергеудегі жасөспірімдерді жеке қабылдады.
Қабылдау барысында оларға құқықтары мен міндеттерін қорғау жөнінде кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ олардың тарапынан қойылған сұрақ-сауалдарға толыққанды жауап берілді.
Айта кетейік, аталған жасөспірімдер жыл басында облыс орталығында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілініп, тергелуде.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Таразда граната жұмысшының қолында жарылып кетті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024