жексенбі, 17 қараша, 2024 12:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тұтынушы құқығы қай салада жиі бұзылады?

Тұтынушы құқығы қай салада жиі бұзылады?
ашық дереккөзі
Тұтынушы құқығы қай салада жиі бұзылады?
ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушы құқығын қорғау туралы ел тұрғындары арасында жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесін жариялады.
Сауалнама мақсаты – халықтың көңілінен шығатын-шықпайтын қызмет түрлерін анықтау, сондай-ақ қазақстандықтардың тұтынушы құқығын қаншалықты білетінін саралау. Шара барысында респонденттер сауда мен қызметтің 20 саласын бағалады. Нәтижесінде азаматтардың тұтынушылық құқығы үнемі бұзылатын бес сала анықталды. Бұл тізімде медициналық қызметтер көш бастап тұр. Тұтынушылардың  45,9%-ы көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттанбайды. Екінші сала - теміржол көлігінің қызметтері. Оған 43,2% респонденттің көңілі толмайды. Ал қалааралық/халықаралық автомобиль, оның ішінде такси қызметінің жұмысын адамдардың 42%-ы нашар деп белгілеген. Сондай-ақ білім беру орталықтарының қызметі 41,6% тұтынушының ойынан шықпаған. Бестікті байланыс қызметі аяқтайды. Оған респонденттердің 35,9%-ы қанағаттанбайды. Туристік сала, қоғамдық тамақтану, ТКШ және басқа да салаларға қатысты шағымдар да аз емес. ТҚҚК-ге құрылыс ұйымдарының атына шағымдар түскен жоқ. Олар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне тікелей жіберіледі. Ол құрылыс саласының барлық мәселесін қарайды. Респонденттердің 67,5%-ы тұтынушы құқығын қорғауды реттеу саласында бәрі жақсарды деп санайды. Зерттеу қорытындысы бойынша Комитет бірқатар ұсыныс әзірледі. Атап айтқанда, мемлекеттік органдарға тұтынушы құқығын қорғаудың барлық бағытында түсіндіру жұмысын күшейту және мектеп, колледж, ЖОО-ларда, тұтынушылар арасында тұтынушы сауаттылығын оқыту ұсынылды. Сауалнама нәтижесі заңнамалық реформаларды жалғастыру қажет екенін көрсетті. Атап айтқанда, 2021 жылы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға түзетулердің 2-пакетін әзірлеу басталды. Айта кетейік, аталған сауалнама 2020 жылғы шілде мен қазан аралығында жүргізілген.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар