Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай Таразда үздік 4 ҚАЖ қызметкерінің ата-аналарына алғыс хат табыс етілді
- авторjambylinfo.kz
- 15 желтоқсан, 2021
- 356
Тәуелсіздік күніне орай Таразда үздік 4 ҚАЖ қызметкерінің ата-аналарына алғыс хат табыс етілді
Таразда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірлік ҚАЖ департаментінде қызметінде биік көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлердің ата-аналарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға қатысқан ЖД-158/2 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Ерлан Оразгельдиев жеке құрамды атаулы мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық пен береке-бірлік тіледі.
- Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығын қорғау жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлердің ата-аналары қашанда құрметке ие. Сіздер ұл-қыздарыңызды Тәуелсіз елдің ертеңін ойлайтын азамат ретінде тәрбиеледіңіздер. Сол себепті де, сіздерге алғысым шексіз, - деді Е.Оразгельдиев.
Айта кету керек, бұл күні сондай-ақ дәл осы мекеменің бір қызметкеріне «Қылмыстық-атқару жүйесі үздігі» медалі табыс етілсе, бес қызметкер арнайы грамотаға ие болды.
Айгүл Жүнісова,
ЖД-158/2 мекемесінің қызметкері
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала