дүйсенбі, 25 қараша, 2024 4:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таксилер неге сары түске боялған?

Таксилер неге сары түске боялған?
ашық дереккөзі
Таксилер неге сары түске боялған?
Кез келген елде таксиді сары түсіне қарап қарапайым көліктерден ажыратамыз. Неге сары түс? Автомобиль өнеркәсібі пайда болған кезден бастап таксидің тарихы басталады. Қалалардың тез үлкеюі мен қозғалыстың көбеюі халықтың көлікке деген сұранысын арттырды. ХХ ғасырдың басында жолаушылар тасымалдауға арналған автомобиль компаниялары АҚШ пен Батыс Еуропаның ірі қалаларында пайда болды. Алайда 1910 жылы құрылған Yellow Cab Company компаниясы ғана тарихта қалды. Компанияның негізін Джон Херц қалады. Yellow Cab Company Чикагода орналасқан және оның бүкіл флоты сары түске боялған. Тарихшылардың айтуынша, 1910 жылға дейін сары түсті таксилер болған. Алайда Джон Херц бұл түсті жаппай қолданысқа енгізді. Сары түс — көзге бірден түсетін ерекше түс болғандықтан таңдалған. Бұған Герцтің өтініші бойынша Чикаго университеті жүргізген сауалнама дәлел бола алады. Сары түсті таксилер – көзге ерекше көрінетіндігімен ғана емес, жайлы әрі қуатты қозғалтқыштармен жабдықталғандықтан Чикаго тұрғындары арасында танымалдылыққа ие болды. Компания жылдам дамыды. АҚШ-тың ірі қалаларында такси желілері іске қосылды. Сол кезден бері тек АҚШ-та емес, көптеген мемлекеттерде «таксидің түсі сары болуы керек» деген түсінік қалыптасып кетті.  width=
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар