сенбі, 12 қазан, 2024 12:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Талғарда 16 жастағы Шерзаттың отбасына тиесілі үй түнде өртеніп кетті

Талғарда 16 жастағы Шерзаттың отбасына тиесілі үй түнде өртеніп кетті
Сурет:видеодан скрин
Үйді біреулер қасақана өртеген болуы мүмкін

Талғарда түнде өрт шығып, 16 жастағы Шерзаттың отбасының үйі толығымен жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Orda.kz. -ке сілтеме жасап. 

Instagram-да жарияланған бейнежазбада бір әйел үйдің сырттан қасақана өртелген болуы мүмкін екенін айтты.

«Түнде, бірнеше сағат бұрын маған жәбірленушілердің туыстары хабарласып, Талғардағы мектеп оқушысы Шерзаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленушілердің үйі өртеніп кеткені туралы қорқынышты хабар жеткізді», — деп жазды Саида Таукелова өзінің Instagram парақшасында.

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Құзырлы органның мәліметінше бөтен мүлікті қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынуда, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», — деп мәлімдеді полиция.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар