Газет өз даму кезеңінде Талас ауданының түрлі салаларындағы жетістіктерін және оқиғаларын көрсетіп, аудан тұрғындарының қызығы мен қиындығы мол еңбек жолын баяндады. Басылымның беттерінде жарияланған әр мақала Талас өңірінің тарихын ашып, аудандағы саналы еңбекті дәріптеудің маңызды үлгісі болып қалды.
Талас өңірімен біте қайнасқан шежіре
«Талас тынысы» газеті – тек ақпарат көзі ғана емес, аймақтың шежіресін жазып келе жатқан тарих беттері. Газет редакциясы сан түрлі таланттарды тәрбиелеп, қанат қақтырды. Мұнда еңбек еткен әрбір журналистің қаламынан туған материалдар ауданның өткені мен бүгініне шынайы көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. «Талас тынысы» аудан тұрғындарының жетістіктері мен өңірдегі жаңалықтарды уақытылы жеткізіп, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени мәселелерді көтеруде әрқашан алдыңғы қатарда болды.
Өңір тұрғындары мен мекемелердің толағай табыстары мен өнімді еңбегі, қоғамдағы маңызды оқиғалар, сондай-ақ ел дамуына қосқан үлестері осы басылым беттерінде тұрақты түрде жарияланып, аудан өмірінің айнасына айналды. Тарихи даму кезеңдері мен Талас өңіріндегі маңызды оқиғалар туралы мәліметтер бүгінгі ұрпаққа мол тағылым, бай мұра ретінде қалды.
Газетке құрмет пен қолдау
Талас аудандық «Талас тынысы» газетінің 90 жылдық мерейтойы – аудан тұрғындары мен басылым ұжымына ортақ мереке. Біз газет редакциясының шығармашылық ұжымымен ұзақмерзімді ынтымақтастығымызды мақтан тұтамыз. Газет редакциясы көптеген журналистердің қаламгерлік шеберлігін шыңдап, шығармашылық жолға бағыттады. Бас редактор Дүйсен Молдақұловтың басшылығымен газеттің барлық қызметкерлері аудан өмірінің айнасы ретінде өз қызметтерін адал атқарып келеді.
Осы мерейтой қарсаңында редакцияның бүкіл ұжымына зор алғысымызды білдіріп, шығармашылық табыстар тілейміз! Ауданның жетістіктері мен табыстарын насихаттауда «Талас тынысы» газетінің атқарар жұмыстары әлі де көп. Талас өңірінің болашаққа сенімді қадам басуына газеттің қосар үлесі мол екеніне сенімдіміз.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз