Өмірінің көп бөлігін ауданның дамуына арнаған Байұзақ Көлбайұлы Кеңес ауылдық округінің әкімі, Талас ауданы әкімдігінің тілдер, мәдениет және ішкі саясат бөлімдерінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. Оның қажырлы еңбегі мен жауапкершілігі арқасында ауданда бірқатар маңызды жобалар жүзеге асып, мәдениет пен тіл саласындағы жұмыстар алға жылжыды.
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков Байұзақ Көлбайұлын құттықтау барысында: «Қазақ қашанда қарттарын сыйлап, қадірлеген халық. Қарттарымыз – біздің елдің рухани байлығы, тірегі. Әр шаңырақта ақылымен, өнегелі сөздерімен немере-шөберелеріне тәрбие беріп отырған ақсақалдарымыз бен әжелеріміздің орны ерекше. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат тілеймін» – деп, жүрекжарды тілегін жеткізді.
Қарттарымызды құрметтеп, олардан тәлім алып, қоғамдағы орнының маңызды екенін сезіндіру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Қарттардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері ұрпақтар сабақтастығының үзілмес тізбегі болып қала беретіні сөзсіз. Байұзақ Көлбайұлы сияқты ардагерлеріміздің өмірі – жастарға үлгі, қоғамға қазына.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024