Талас халық театры республикалық додада топ жарды
- авторБақытжан Бекболат
- 8 желтоқсан, 2025
- 274
Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар байқауында Талас халық театры І орынға ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында өткен сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар байқауына еліміздің түрлі өңірінен келген 8 өнер ұжымы қатысып, өзара бақ сынады.
Бұл өнер сайысында Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облыстарынан және Жамбыл облысы, Талас ауданынан келген «Талас» халық театры жарқын өнер көрсетіп, көрермен мен қазылардың жоғары бағасына ие болды.
Байқауды бағалаған қазылар алқасы:
– Асылбек Боранбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
– Нұрлыбек Жұбатқан, жазушы-сатирик
– Бауыржан Орда, ҚР мәдениет қайраткері
Осындай талғампаз қазылар мен мықты театрлар бас қосқан додада «Талас» халық театры I орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді!
Облыс әкімі үздік педагогтерді марапаттады
Ұқсас жаңалықтар
Швецияда жойқын дауыл салдарынан екі адам қаза тапты
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 28 желтоқсан, 2025
Қазақстан ТЖМ ұшағымен бала жедел түрде ауруханаға жеткізілді
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 28 желтоқсан, 2025






