жексенбі, 16 наурыз, 2025 8:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Талас өзенінде тасқын қаупі: Жамбыл облысында қандай шаралар қолға алынуда?

Талас өзенінде тасқын қаупі: Жамбыл облысында қандай шаралар қолға алынуда?
Фото: Azattyq-ruhy.kz
Бүгінде 6 қауіпті аймақта тасқынның алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Жамбыл облысында су тасқыны қаупі күшейіп келеді. Қырғызстандағы Чоң Қақпа су қоймасының 86%-ға толуы және көктемгі жауын-шашынның күшеюі Талас өзенінің су деңгейін көтеруі мүмкін, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл өзен бойындағы Қарасай, Жасөркен, Қызылқайнар, Сарыкемер, Қостөбе және Тектұрмас елді мекендеріне қауіп төндіреді. Қазір бұл ауылдарда 20 мыңға жуық халық тұрады.

Тасқынның алдын алу үшін жергілікті билік 260 миллион теңге бөлді. Бұл қаржы өзен арнасын кеңейту, жағалауды нығайту және бөгеттер тұрғызуға бағытталған. Тараз қаласындағы Қарасай тұрғын алабында ерекше қауіп бар. Себебі мұнда өзен деңгейі жермен бірдей. Осыған байланысты ұзындығы 400 метр, ені 10 метр, биіктігі 2 метр болатын бөгет салынып жатыр.

Мұндай жағдай өңір үшін жаңалық емес. 2016 жылы Талас өзені арнасынан асып, бірнеше елді мекенді су басқан. Сол кезде 3,4 миллиард теңге бөлініп, 25 шақырым аумақта қорғаныс шаралары жүргізілді. Дегенмен, мамандар бұл жеткіліксіз деп отыр, сондықтан жұмыстар жалғасады.

Бүгінде 6 қауіпті аймақта тасқынның алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Шекара маңындағы 7-ші аймақта да жұмыстар басталды. Мұнда "Қазсушар" кәсіпорны өзен арнасын кеңейтіп, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізуде. Ал мамандар Меркі мен Жуалы ауданындағы шатқалдарда сел жүруі мүмкін екенін ескертіп отыр.

Билік тасқын қаупін барынша азайту үшін барлық қажетті шараларды қолға алуда.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар