жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таласта үш жел электр стансасы жұмыс істеп тұр

Таласта үш жел электр стансасы жұмыс істеп тұр
Фото: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет. 2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс. Біз «жасыл экономиканы» дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз», – деп атап өткен еді.

Бүгінгі күні Талас ауданында табиғат – көзінен «жасыл энергия» өндіру жұмыстары талапқа сай жүргізіліп келеді. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаровтың айтуынша, ауданда 13,5 мегаватты құрайтын үш жел электр стансасы жұмыс істеп тұр.

– Президентіміз өз Жолдауында «Жасыл экономика» – экологияны басымдыққа ала отырып, жер, су сол сияқты табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды тапсырды. Бұл мақсатта елімізде 2014 жылы «Жасыл экономика» туралы Заң жобасы қабылданды. Құжатта табиғи ресурстарды орнымен қолдана отырып, инфрақұрылымды дамыту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, одан бөлек әлем елдерін алаңдатып отырған өзге де мәселелерді шешеу қарастырылған. Бізге бұрыннан таныс дәстүрлі экономикаөндірістік қалдықтарды қайта өңдеу болса, жасыл экономиканың ерекшелігі – баламалы қуат көздерін табиғи ресурстардың көмегімен өндіру. Бұл әдіс өз кезегінде мемлекеттің әлеуетін арттыруға серпін береді. Атап айтсақ, Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты жер аумағынан 2019 жылы «WindPowerCity» және «WindElectroCity» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері желден энергия көзін өндіретін құрылғыларды орнатып, жұмыс бастады. Бүгінде әр серіктестік 3 қондырғы арқылы жалпы қуаты 4,5 мегаватт болатын электр энергиясын өндіруде, – дейді ол.

Нақтылы кезеңде осы аумақта 2022 жылы құны 5487 миллион теңгені құрайтын 3 жоба жоспарланып, жүзеге асырылды. Әр жобаның құны 1829,1 миллион теңгеге айналды. Осылайша «Жасыл энкономика» бағдарламасы аясында іске қосылған «Новатекс», «Шеңгелді», «Шеңгелді-2» ЖШС-і өз жұмыстарын тиісті деңгейде атқарып келеді. Әр кәсіпорын сағатына 4,5 мегавтт электр қуатын өндіруге қауқарлы. Қазір 5 кәсіпорында 21 адам қызмет атқаруда.

– Бүгінде әлемнің көптеген елдері «жасыл экономиканы» таңдайды. Өйткені балама қуат көздерін пайдалану арқылы энергияны үнемдеу күн тәртібіндегі басты мәселеге айналған. Өз кезегінде балама қуат көзідербес экономиканы қалыптастырады. Желдер электр энергиясын өндіретін 5 кәсіпорын аудан бюджетіне 30-50 миллион теңге көлемінде салық төлеп отыр. Жел электр стансалары Көктал ауылының маңында орналасқандықтан онда жергілікті тұрғындар да жұмыс істейді. Аталған кәсіпорындардың арқасында 9 миллиард теңгенің инвестициясы тартылды. Одан бөлек өнеркәсіптің дамуына да зор үлес қосып отыр, – дейді бөлім басшысы.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар