Талас ауданының шаруалары бұл жолы қала тұрғындарына 250 келі жылқы, 500 келі қой, 200 келі балық, 300 литр айран, сүт, қымыз, шұбат және 100 келі құрт, май, ірімшік өнімдерімен қатар 5 тонна қауын, қарбызды саудалады. Нарықтағы құнынан 15-20 пайызға төмен бағада саудаланған өнімдерге көпшіліктің сұранысы жоғары болды.
— Жәрмеңкеге келушілер ет өнімдері бағасының әлдеқайда арзан екендігін айтып жатыр. Дәл осы күні коммуналдық базардың ашуылуы тиіс болатын. Жәрмеңкеге Қызыләуіттен «Айтуған» шаруа қожалығы (төрағасы Асанәлі Сағатбек) қауын-қарбыз, сонымен қатар С.Шәкіров ауылынан «Амангелді» (төрағасы Мәди Әжібеков), Кеңес ауылдық округіндегі «Дүйсен» (төрағасы Мадияр Бекбасаров), Аққұмдағы «Баймолда» (төрағасы Ердос Айжарықов) шаруа қожалықтары жылқы және қой еттерін жеткізсе, Берікқара ауылына қарасты шаруа қожалықтар айран, сүт, құрт, май, балық өнімдерін апарды.
Әлеуметтік базар жаңадан ашылып жатыр. Алдағы уақытта келушілердің саны әлдеқайда артады деген сенімдеміз.
Шаруалар жеткізген өнім артылған жағдайда осы базардағы саудагерлер өздері алып, қала тұрғындарына ұсынатын болады. Бұл біз үшін үлкен жеңілдік болып отыр.
Тараз қаласындағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне аудандағы шаруалар айына екі рет өнімдерін ұсынатын болады, — дейді аудан әкімдігі ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Ауданбек Ерубай.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жасөспірімдер жарыстан жүлдемен оралды
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024