Жаңалықтар
Талдықорғанда қызды сұлулық салонында бауыздамақ болған жігіттің кім екені, неге мұндайға барғаны айтылды
- авторjambylinfo.kz
- 7 қараша, 2023
- 408
Талдықорғанда қызды сұлулық салонында бауыздамақ болған жігіттің кім екені, неге мұндайға барғаны айтылды
Ер адам 27 жастағы зардап шегушіні тұншықтырып, мойнын қағаз кесетін пышақпен тілгілеп тастаған.
Талдықорғанда сұлулық салонында қызға шабуыл жасап, тамағын тілгілеп тастаған азамат ұсталды. Қаскөй 27 жастағы зардап шеккен қыздың бұрынғы жігіті екен. Бұған дейін де қызды талай рет ұрып-соққаны үшін қалалық сот қызға жақындамасын деген үкім шығарған, деп жазды KYN.KZ тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. Соған қарамастан, оны тағы аяусыз тепкілеп, қолына түскен қағаз кесетін пышақпен шабуылдағаны үшін полицейлер «Адам өлтіруге оқталды» деген баппен уақытша ұстау изоляторына қамады. Жаға ұстатарлық жағдай осыдан бір апта бұрын қаладағы сұлулық салондарының бірінде болыпты. Жараспай кеткен жұптың әрекеті бейнебақылау камерасына анық түсіп қалған. Азамат бұрынғы қызын аяусыз соққанымен қоймай, қылқындырмақ болған. Араша түспек болған әйелге де атылған. Қаскөй үстел үстінен кеңсе пышағын алып, қызды бауыздауға оқталған. Артынша ізін суытып үлгеріпті. Қазір полиция күдіктіні анықтап ұстаған. "Полиция қызметкерлері 27 жастағы әйелге шабуыл жасаған күдіктіні анықтап ұстады. Оған қатысты қамауға алу бұлтартпа шарасы таңдалды. ҚР ҚК 24бабы, 3-бөлігінен 99-бабының 2-ші бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қайта дәрежеленді. Тергеуді облыс полиция департаменті ерекше бақылауға алды",-дейді Жетісу облысы ПД басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Таразда жасөспірім ойын автоматтарынан ақша ұрлаған
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 17:17