дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 10:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Танымал әнші көптің алдында 101 рет қой көтеріп, рекорд орнатты (Видео)

Танымал әнші көптің алдында 101 рет қой көтеріп, рекорд орнатты (Видео)
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстандықтарға кеңінен танымал «Ал, давай» тобының бұрынғы әншісі Шоқан Маратұлы 101 рет қой көтеріп, көпшілікті тәнтті етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қой көтеру жарысына қатысқан жігіттердің ешқайсысы Шоқанның рекордын бұза алмады. Олардың көбі сезім қойды 60-70 реттен көтеріп жатты. 


Ал қарсыластарын артта қалдырған әнші 17 жылдан бері денсаулық саласын зерттеп жүргенін, адамның мүмкіндігі шексіз екенін айтады. 


«Мен 17 жылдан бері  денсаулық саласына қызығып, осы тақырыптағы зерттеу жұмыстарын іздеп жүріп оқимын. Ізденісімнің арқасында және күнде жаттығатынымның арқасында, қазір керемет формадамын. Менің денсаулығым 18 жастағы жігіттерден әлдеқайда мықты, - деді әнші. 


Шоқан қара күштің иесі екенімен қоса, мәрт жігіт екенін көрсетті. Жеңімпаз ретінде өзіне тиесілі қойды қарсыласына тарту етті.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар