
Қаралы хабар туралы ақын Бауыржан Қарағызұлы әлеуметтік желіде жазды.
Қазақстандық танымал жазушы, драматург, сценарист Әкім Тарази 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Қадірлі ақсақалымыз Әкім Тарази өмірден озды. Қонақасы мен жерлеу рәсіміне қатысты ақпарат қосымша хабарланатын болады», – деп хабарлады жазушылар одағы.
Әкім Уртайұлы Әшімов (әдеби бүркеншік есімі – Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Ол — белгілі жазушы, драматург және сценарист. 1999 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2021 жылы Қазақстанның Еңбек Ері атағын алған. Сонымен қатар әдебиет және өнер саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.