Танысына сенемін деп, жарты миллион теңгесінен айырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 5 сәуір, 2024
- 577
Қордай ауданының полиция бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын азаматша хабарласып, бірнеше ай бұрын мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде берген танысына жарты миллион теңге бергенін айтып шағымданған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында оның 2021 жылы тағы бір азаматшаға тұрғын үй сатып алуға көмектесуге уәде беріп, 550 мың теңгесін алдап алғаны белгілі болды. Қылмыскерге бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.
- Жамбыл облысының Полиция департаменті оқуға қабылдауға, жұмысқа орналасуға, жылжымайтын мүлік алуға немесе қандай да бір құжаттарға қатысты делдал болуға уәде берген адамдарға сенбеу қажеттігін қатаң ескертеді. Мемлекеттік қызметтерді тек арнайы мемлекеттік органдарда немесе ресми порталдардан алу керек,-дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі
«Жалақымның 30 пайызын қысқартты - шағымданушы
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті шаршы алаңға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2024