....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 2:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Жауынбекова Гульдана Алимжановна 1976 жылы 13 маусымда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инфрақұрылымдағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің білім бөлімінің есепшісі болып бастаған. 2001 – 2002 жылдары Байзақ ауданы әкімінің білім басқармасының экономисі; 2002 – 2007 жылдары Жамбыл облысы әкімінің білім басқармасының орталықтандырылған бухгалтериясының экономисі, қаржы-жоспарлау бөлімінің бас маманы; 2007 – 2009 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім департаментінің жобалау және жоспарлау бөлімінің бастығы; 2009 – 2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының қаржы және жоспарлау бөлімінің бас маман-экономисі, ішкі бақылау бастығы; 2017 – 2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы; 2023 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс атқарған. 2023 жылғы 4 желтоқсанынан бастап Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып (экономика, қаржы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм және ауыл шаруашылығы сұрақтары бойынша) тағайындалды. Дереккөз: ЖамбылТараз инста парақшасынан
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар