дүйсенбі, 22 сәуір, 2024 8:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Тараз қаласы үлкейеді: Екі аудан қалаға қосылды

Тараз қаласы үлкейеді: Екі аудан қалаға қосылды
сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясында айтылды

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе –Тараз қаласының шекарасын (шегін) өзгерту бойынша болды.

Тақырып туралы Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Нұржан Бекежанов баяндама жасады.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы №44 Қаулысын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Байзақ ауданының жалпы алаңы 1761,2 гектар және Жамбыл ауданының жалпы алаңы 11257,9 гектар жер бөлігі Тараз қаласының әкімшілік шекарасына қосылады. Сондықтан Тараз қаласының әкімдігі және Тараз қалалық мәслихатының «Байзақ, Жамбыл аудандары аумақтарынан Тараз қаласы аумағына жер учаскелерін алу және Тараз қаласының шекарасын өзгерту туралы» бірлескен қаулысының жобасына келісім берулеріңізді сұраймын, – деді Нұржан Балтабайұлы.

 


Баяндамашыны мұқият тыңдаған депутаттар Тараз қаласының шекарасын өзгерту бойынша шешім қабылдады.

Ал жиынды қорытындылаған қала әкімі бұл шешімнің қаншалықты маңызды екеніне тоқталды.


– Тараз қаласының аумағы кеңейіп, соған орай шаһардың жаңа Бас жоспары әзірленгені белгілі. Бұл қаланы дамытудың жаңа кезеңі деп айтсақ, қателеспейміз. Әрине, шаһарға қосылатын елді мекендерде де инфрақұрылым мәселесі бар екені жасырын емес. Оларды түпкілікті шешу үшін тиісті жұмыстар жүзеге асырылады, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар