дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 2:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз қаласында 53 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілмек

Тараз қаласында 53 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілмек
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 110-нан астам жұмысшы мен 8 арнайы техника жұмылдырылған

Аталмыш жұмыстар «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында атқарылады – деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне бюджеттік өтінім ұсынылған.

Айта кетейік, бүгінгі күні қаланың тұрғын үй қорында 1 438 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 151-і барак типтес болса, 1 287-сі екі және одан жоғары қабатты үйлер. Сондай-ақ шаһар аумағындағы 1 103 үйдің пайдалануға берілген мерзімі 30 жылдан асқан. Оның ішінде 489 үй күрделі жөндеуден өткізілсе, қалған 614-ін алдағы уақытта жаңғырту жоспарлануда. Бүгінде қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде. Олардың қатарында шаһардың орталығында, Төле би даңғылының бойында орналасқан 11 көпқабатты үй де бар.

Аталған үйлердегі жұмыстар облыс орталығына бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатымен қолға алынған болатын. Осыған орай олардың қасбеттерін, шатырларын күрделі жөндеу үшін мердігер «Күмбез-Тас» ЖШС жобалық-сметалық құжаттама әзірлеген еді. Қазіргі таңда «Қаратау құрылыс 2030» ЖСШ-нің мердігерлігімен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстарын тамыз айының ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

                                                                                        

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар