сейсенбі, 3 желтоқсан, 2024 22:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Алма алуға ақшасы жоқ": Тараздық 10 сынып оқушысы мұқтаж жандарға қалай көмектесіп жүр

"Алма алуға ақшасы жоқ": Тараздық 10 сынып оқушысы мұқтаж жандарға қалай көмектесіп жүр
Сурет ашық дерекөзден алынды
Қайырымдылық жасауға құштар Бақдәулет Әмірбекті отбасы мен достары да қолдайды

Бақдәулет өзінің бұл ісін әр адамның парызы деп біледі. Қаршадай баланың жүрегінде анасының «Адам баласы жақсылық жасауға міндетті» деген сөзі  жатталып қалған, -  деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

–  Жазғы каникулда ата-анама көмектесіп, жеміс-жидек сатып жүрген едім. Бірде балалы әйел сауда жасауға келеді.  Олардың жағдайы жоқ екені бірден көрініп тұрды. Кішкентай балақай алмаға қарай берді. Мен дереу оның қолына алма ұстаттым. Ол мәз болды. Сол түні мен ұйқыдан қалдым. Себебі біз сәл шеті кертілген алманы тастай саламыз. Ал ол балақай сол алмаға зәру екенін ұқтым. Анаммен ақылдасып, мұқтаж жандарға көмектескім келетінін айттым. Анам мені бірден қолдады. Ертесі достарым мен сыныптастарым қаражат жинай бастады. Сөйтіп 18 баласы бар отбасыға азық-түлік жеткізіп бердік. Өзімізден саудан жасауға келіп жүрген тағы бір отбасы бар, естуімше олар арендасын төлей алмай, пәтерден шығарып жіберейін деп жатыр екен. Сол кісілерге де азық-түлік жеткізіп, қаражатпен көмектесейін деп отырмыз. Жалпы жеміс-жидек сатып тұрып та, алдыма келген кісілердің қолын қайтарғым келмейді. Достарыммен ақылдасып, істі бастағаныма бір апта ғана уақыт болды – дейді Бақдәулет.

Қаршадай баланың алдына қойған мақсаты биік, талабы таудай. Ол мұқтаж жандарға көмектесу арқылы өзін бақытты сезінетінін айтты.

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар