жұма, 20 қыркүйек, 2024 3:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Таза Қазақстан»:500 мыңнан аса жамбылдық экологиялық науқанға белсене қатысты

«Таза Қазақстан»:500 мыңнан аса жамбылдық экологиялық науқанға белсене қатысты
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды

Аймақ басшысы қатысқан кеңесте  «Таза Қазақстан» республикалық акциясының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. , деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Соңғы мәліметтер бойынша 500 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға белсенді қатысқан. Оның ішінде, тұрғындар, ардагерлер мен жастар, ҮЕҰ өкілдері және түрлі мекеме қызметкерлері бар.

Ербол Қарашөкеев «Таза Қазақстан» акциясының іске асырылу барысына жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп, қорытындысы апта сайын қаралатынын атап өтті.

– Қала мен елді мекендердің санитарлық тазалық жағдайы талапқа сай болуы қажет. Ол үшін әкімдер ауыл-аймақты жиі аралап, мәселені өз көзімен көруі тиіс – деген аймақ басшысы жұмысты күшейтіп, анықталған фактілерді жоюды тапсырды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар