жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз тұрғыны арзан тұрмыстық техника сатамын деп жұртты алдаған

Тараз тұрғыны арзан тұрмыстық техника сатамын деп жұртты алдаған
ашық дереккөзі
Тараз тұрғыны арзан тұрмыстық техника сатамын деп жұртты алдаған
Тараз қаласында жарнама сайты арқылы тұрғындардың ақшасын иемденіп кеткен алаяқ анықталды. Тараз қаласында полиция 23 жастағы қала тұрғынын алаяқтықтың алты дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартты,. Алаяқтың құрбандары жарнама сайты арқылы тұрмыстық техника сатып алмақ болған жергілікті тұрғындар. «Алаяқ жалған мәліметпен OLX сайтында жарнама парақшасын ашып, онда тұрмыстық техниканы арзан бағамен сатпақ болған. Осылайша қарапайым азаматтардың сенімін пайдаланып, оларды алдау арқылы «Kaspi gold» мобильді қосымшасымен ақшаны аударуға мәжбүр еткен, содан кейін телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған»,-делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында. Тергеушілер 23 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша бірнеше рет жасалған алаяқтық ретінде сараланды. Аталмыш бап күдіктінің мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар