жұма, 27 желтоқсан, 2024 12:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді

Тараз теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді
ашық дереккөзі
Тараз теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді
Тараз қаласының теміржол вокзалы өткен ғасырдың басынан бері жұмыс істеп келе жатқанымен, еңселі жаңа ғимараты 1986 жылы пайдалануға берілген. Соңғы рет 2013 жылы жөндеуден өткен вокзалдың сыртқы көрінісіне, қазіргі жағдайына шағымданушылар аз емес. Осыған орай аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Жамбыл облысы әкімдігі мен "Қазақстан Темір Жолы" ҰҚ" АҚ арасында Тараз теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы келіссөз жүргізілген болатын. Нәтижесінде биыл теміржол вокзалына 300 млн теңгеге жуық қаражатқа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Осы келісімді жүзеге асыру мақсатында бүгін Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев теміржол вокзалының жұмысымен танысып, қызметкерлермен және жолаушылармен әңгімелесті. Бірқатар мәселелерді анықтаған қала әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, бұл мәселелерді жөндеу жұмыстарын күтпей, тез арада орындауды тапсырды. Осылайша жеті жылдан бері әктеліп-сырланбаған вокзал аймақ басшысы Бердібек Мәшбекұлының тікелей қолға алуымен биыл күрделі жөндеуден өткелі отыр. Құрылыс жұмыстары Тараз қаласы әкімдігінің бақылауында болады. "Теміржол вокзалы - қаланың басты қақпасы, мұнда Тараздың бет-бейнесі мен тарихи маңызын айшықтап тұратын ақпараттық-көрнекілік құралдар іліну қажет. Бей-берекет сауда орындарына тыйым салып, заманауи қызмет көрсететін нысандар ашылуы тиіс. Шаһарға келген әрбір  туристке қажетті ақпараттар анықтамалығы болу керек. Аталған міндеттер жөндеу жұмыстарын күтпей, тез арада орындалсын", - деген қала әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар