Таразда 1,7 миллион теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 10 шілде, 2024
- 578
Облыс орталығының аумағын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері "Қорғау" жүйесінің көмегімен іздеудегі "Hyundai Elantra" автокөлігін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo. kz.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған автокөлік жүргізуішісі 55 рет жол қозғалысы ережесін бұзған.
«Бұл автокөлікке 55 рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 1 миллион 696 706 теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның басым бөлігі жылдамдық режимін бұзғаны үшін берілген. Қазір автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», делінген хабарламада.
Айта кетейік, "Қорғау" мобильді қосымшасы жол қозғалысын автоматты қадағалау тиімділігін арттыру үшін енгізілген болатын. Онда Ішкі істер министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешендері, мобильді қосымшалары біріктірілген, олардан мәліметтер полиция қызметкерлерінің планшеттеріне түседі. Бұл нақты уақыт режимінде сақтандыру полисінсіз пайдаланылатын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар, бағыттама бойынша іздестірілгендер, соның ішінде айыппұл бойынша берешегі бар жол ережесін қасақана бұзушылар және т.б. анықтауға мүмкіндік береді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024