жексенбі, 24 қараша, 2024 3:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда 135 отбасы баспаналы болды

Таразда 135 отбасы баспаналы болды
ашық дереккөзі
Таразда 135 отбасы баспаналы болды
  Таразда тұрғындар мереке қарсаңында тағы да үлкен қуанышқа бөленді. Баспана кезегін күткен жандарға пәтер кілттері табыс етілді. 135 отбасының қуанышына ортақтасып, қоныс тойымен құттықтауға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы келді, деп хабарлайды http://Jambylinfo.kz «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында жыл сайын елімізде жүздеген жаңа  тұрғын үйлер пайдалануға беріледі. Сол секілді 8 наурыз мерекесі қарсаңында бірқатар тараздық  отбасы қоныс тойын тойлау мүмкіндігіне ие болды. «Бином» ЖШС салған 135 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйден баспаналы болғандардың арасында 27 жетім бала, 66 әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы және 42 бюджеттік ұйым қызметкері бар. Айталық, солардың қатарындағы Амина Якубжанова мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Ол өзінің пәтер кезегінің келуін бірнеше жыл бойы асыға күткендігін, мереке қарсаңында арманы орындалып, күтпеген тосын сыйға ие болғандығын айтады. «Екі балам бар. Бүгін бізге екі бөлмелі пәтердің кілті табысталып, қуанышты сезімді бастан кешіп отырмыз. Бұл мереке осы жағымды әсерімен біздің жадымызда ұзақ сақталады», - деп ол өз қуанышымен бөлісті. Толық емес отбасы санаты бойынша кезекте тұрып, үйлі болған Назира Әбдірайымова да ағынан жарылды. «Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Барлық аналар атынан облыс басшылығына деген ризашылығымды жеткізгім келеді. Кез-келген адам жеке баспанасына қол жеткізудің қаншалықты маңызды екенін түсінеді және соны армандайды. Әр отбасының осындай бақытты сезінуін тілеймін», - деді ол. Қоныс той иелеріне пәтер кілттерін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев табыстады. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын облыстың жүздеген тұрғыны жаңа пәтерге ие болуда. Өткен жылы Тараз қаласының тұрғындарына екі мыңға жуық пәтер берілді. Ағымдағы жылы біз бұл көрсеткішті арттырып, сол арқылы кезекті қысқарта түсуді жоспарлап отырмыз. Осы 15 шағын аудандағы оң өзгерістерге өздеріңіз куәсіздер. Жақында мұнда тағы екі мектеп, балабақша, фельдшерлік пункт, полиция бөлімшелері ашылады. 8 наурыз мерекесімен мен облыс басшылығы атынан барлық аналар мен аруларды құттықтаймын. Ана – отбасының жүрегі. Сондықтан біз оларды жан-жақты қолдап, жас ұрпақты соған үйретуіміз керек», - деді облыс әкімі. Айта кетейік, қазіргі таңда облыста тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін кезекте 30 мыңнан астам адам тұр. Өткен жылдың қорытындысымен 250 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Нұрдаулет АСАН
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар