Таразда 150 адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды
Тараз қаласында полиция қызметкерлері 150-ден астам адам шақырылған үйлену тойы өткізіліп жатқанын анықтады.
Жамбыл облысы аумағындағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделі болуына байланысты карантин шараларды күшейтілген болатын. Мобильді топтар мерекелік және еске алу іс-шараларын өткізуге салынған шектеуің сақталуы бойынша бас санитарлық дәрігердің қаулысының орындалуына бақылау жүргізіп келеді.
Тәртіп сақшылары кезекті рейд барысында қаладағы тойханалардың бірінде 150-ден астам қонақ шақырылған үйлену тойын өткізу дерегін анықтады.
Тойды ұйымдастырушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша материал жиналды және бас санитарлық дәрігердің талабын бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін СЭС-ке жіберілді.
«Облыстың барлық тұрғындарын азаматтық парызын көрсетуге және адам көп жиналатын орындарға бармауға, жеке қорғаныс құралдарын алып жүруге және жақындарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында әлеуметтік қашықты сақтауға шақырамыз», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала